«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірде бизнестің күн көрісі қандай?

2021 жылғы 13 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6856 просмотров

Өз жұмысында БҚО Кәсіпкерлер палатасы кездесулердің басым бөлігін өндірістік нысандарда өткізуге тырысады

Осылайша өңір бизнесі немен айналысып жатқанын, мұқ-мұқтажын көруге болады. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асыратын көп жобаларға сүйемелдеу көрсетеді.  Жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, кәсіпкерлердің өтініштерін банктер мен басқа қаржы институттары мақұлдауы үшін олардың орындалуын бақылау және мүдделерді қорғау – Палата жұмысының бір бөлігі. Мәселен, осы күндері Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов бірнеше өндірістік нысандарды аралап, кәсіпкерлермен әңгімелесті. Кездесу барысында карантинге байланысты өндірістердегі жағдайы талқыланды, бизнес қиындықтарды қалай еңсеруде, Палата тарапынан қандай көмек қажеттігі сараланды. Басқа да жұмыс мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, өндірісінде «қарапайым заттар экономикасы» аясында жоба іске асып жатқан «Стеклосервис» ЖШС директоры дайын өнімді экспорттауда проблемалар барын айтты.

 «Біз жақсы бағалармен Ресей нарығына өте алмай жатырмыз. Онда, әрине, жеке өндірушілер басымдықта, бірақ біздің өнім сапалы, сервисіміз жоғары. Жүк тасымалдаушыларына грант ретінде жақсы мемлекеттік қолдау да бар, бірақ қажетті құжаттарды рәсімдеу уақыт алады. Нәтижесінде көп күткісі келмейтін клиенттер қызметімізден бас тартады», – деді «Стеклосервис» ЖШС Аркадий Рубцов.

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры Валерий Крылов өндіріс дамуындағы жаңашылдықтармен бөлісті. Жуық арада кәсіпорын жанындағы зертхана аккредиттеуден өтеді, кейін кәсіпорында мамандандырылған кәсіпорындардың өнімдері республикалық деңгейде сыналатын болады.

 Келесі нысанда Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған «Талап» АҚ жоспарлары туралы айтып, Ольга Дунаевамен ынтымақтастықты арттыру шараларын талқылады.

 Жоғарыда аталған барлық кәсіпорын бағдарламаға қатысады. Сол күні басқа кәсіпкерлік нысандарында жұмыс кездесулері өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер