«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО-да жергілікті қамту үлесі артып келеді

2021 жылғы 19 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6471 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға тұрақты талдау жүргізеді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алуының жылдық көлемі 190,1 млрд теңгені құрады. Ал жергілікті қамтудың өсуі елде өндірілетін тауарлар санының артуына байланысты орын алады.

Мысалы, БҚО-да 350-ден астам өнім түрін шығаратын 200-ге жуық отандық өндіруші бар. Мемлекеттік қолдау шаралары елде өндірілетін тауарлар түрінің үнемі өсуіне ықпал етеді.

Жергілікті қамту үлесін анықтауда тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттар ерекше рөл атқаратынын атап өткен жөн.

Сонымен, БҚО өндірушілеріне жергілікті айналым үшін СT-KZ үлгісіндегі сертификаттар келесі бағыттар бойынша берілді:

- Қазақстаннан өндірілген пайдалы қазбалар;

Жер қойнауын пайдаланушылардың арасында «Жайықмұнай» ЖШС, «КПОб.в», «Жайықгидрогеология» ЖШС және т.б. сияқты компаниялар бар.

- тауарларды қайта өңдеу: (әскери, металлургия, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, химия өндірісі және т.б.)

Талдау барысында БҚО өндірушілері көбінесе ұн, металл бұйымдары, шыны қондырғылары, өңделген өнімдер және басқаларын экспорттауға сертификаттар алатыны анықталды. Сондай-ақ, өндірістік қалдықтарға да сертификаттар беріледі.

Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы өңірлік жобалық кеңсенің жұмыс органы ретінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тікелей мүдделі. Осыған байланысты, кеңсе тұрақты негізде экспорттаушыларға көлік шығындары мен жүктерді тасымалдау шығындарын өтеу мәселелерінде көмектеседі, сонымен қатар осы бағытта ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

Анықтама үшін: 2020 жылдың соңында кәсіпкерлерге  3 мыңға жуық сертификат берілді. Оның 2209-ы республикадан тыс жерлерде жарамды, қалғаны тауарларды Қазақстанның ішкі нарығында сатуға арналған. СТ-1 формасында 200 сертификат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер