«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Комитеттер жұмысы қарқынды басталды

2021 жылғы 04 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
7419 просмотров

«Өңірлік кеңестің жаңа құрамы жинақталғанына байланысты түрлі бағыттарда салалық комитеттер құрылды. Іс жүзінде негізінен бір мәселе екінші мәселеге қатысты немесе бірінің шешімі екіншісіне байланысты болады. Сәйкесінше комитеттердің жиындары бір уақытта өтуі тиімдірек», – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов

 БҚО Кәсіпкерлер палатасы жаныныдағы 6 комитет ақпан айында жыл басындағы алғашқы жиындарын өткізді. Түрлі сипаттағы 10 мәселе қаралды. Жүйелі және дереу шешім қабылдауды талап ететін мәселелер өңірлік кеңесті жиыны қарауына енгізілді, түйткілді сұрақтар бақылау кеңес деңгейінде талқыланбақ.

 Мәселен, өнеркәсіп және индустриялау комитетінің мүшелері енгізілген шектеулер кезеңінде өңдеу өнеркәсібі дамуындағы ағымдағы ситуациясының мәселелерін талқыланып, жүк көліктері, шиналарды утилизациялауға қатысты демпинге қарсы салықтар, жергілікті зауыттарға мұнай өнімдеріне арналған контейнерлер мен пышақтарды қайрау бойынша қызметтерге тапсырыс жүктеу мәселелері көтерілген. Комитет мүшелері ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына ұсыныстар енгізді.

Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің мүшелері үшін қызмет көрсету саласына қатысты болып отырған карантиндік шектеулер мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты комитеттің хаттамалық шешімімен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың атына нақты ұсыныстар дайындалды.

Дуальді оқыту, кәсіби бағдар, сондай-ақ жеке мектепке дейінгі дайындық ұйымдарында өрт қауіпсіздігі мәселелері Білім беру, денсаулық сақтау және адами капиталды дамыту комитетінде қызу талқыланды.

Газ жеткізу, энергиямен жабдықтау бойынша мәселлер Энергетика және көлік комитетінде талылауға арқау болды. Кездесуге бизнес субъектілері, жергілікті атқару органдары және  «Зап-Каз РЭК» АҚ қызмет көрсетуші-компаниясының өкілдері шақырылды. Жағдайды реттеуге қатысты ұсыныстар айтылды. Мәселені шешуге түрткі болатын барлық нұсқалар талқыға салынды.

Өңірлік кеңестің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің отырысында алдағы жиынның хаттамалық тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу ережелеріндегі кейбір өзгерістер талқыланды. Жобалық-сметалық құжаттамада құрылыс материалдарының талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын алу, дизайнерлердің қателіктері сияқты құрылыстағы жобалаудың проблемалық мәселелері қарастырылды.

 Аграрлық секторда да мәселе көп. АӨК комитеті мүшелерінің отырысында бірқатар сұрақтар көтерілді. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру және жұмысшыларға баспана салуды көздейтін ауыл кәсіпкерлеріне адамдарды ауылға жұмысқа тарту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының механизмдерінің біріне өзгертулер енгізілді. Үй 100 шаршы метрден, құны 10 миллион теңгеден аспауы керек. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту комитеті мүшелерінің жұмыс жиналысының тағы бір мәселесі – өңделген жерлерді қорғаудағы проблемалар, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерге мониторинг жүргізу.

 Өңірлік кеңестің энергетика, көлік  және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің отырысында энергия қуатын беру проблемасы көтерілді. Электр энергиясындағы олқылықтар салдарынан өндірістік процесс жиі тұрып қалады, қымбат тұратын жабдық істеп шығады. Неғұрлым құрылымды талқылау үшін кәсіпкерлік субъектілері, жергілікті атқарушы органдардың және сервистік компанияның өкілдері шақырылды. Жағдайдан шығу жолдары ұсынылды. Мәселені шешудің барлық нұсқалары талқыланды.

 БҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің көптеген мүшелері әр түрлі деңгейдегі депутаттар екендігі қуантады, барлық көтерілген мәселелер, қажет болса, өкілді билікке де жеткізілетін болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер