«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселелер шешіліп жатыр

2021 жылғы 23 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
6645 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін алаңдататын мәселелердің шешілуіне нәтижелі атсалысуда.

Осы жылдың бірінші жартысында БҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілері қызметіне кедергі келтіретін 23 түйткілді мәселені анықтады, соның ішінде 17-сі – республикалық, 5-і – облыстық деңгейдегі түйткіл.

 Талдау нәтижесі проблемалық мәселелердің сипаты алуан түрлі екенін көрсетті, атап айтқанда, шетелдік азаматтарды маусымдық жұмысшылар ретінде тарту, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметкерлері үшін міндетті медициналық тексеруден өтудің жиі қткізу, ЕАЭО аумағы бойынша транзиттік жүктің қозғалысы тәртібін оңайлату, ішкі шекара инфрақұрылымының жетілмегені, индустриялық сертификат беру кезіндегі проблемалар және басқа да мәселелер.

 Республикалық деңгеде шешілуді талап ететін проблемалар бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына Түйткілді мәселелер тізіліміне қосу туралы 17 ұсыныс жіберілді (2020 жылдың сәйкес кезеңінде – 2).

 Облыстық маңызы бар бес проблемалық мәселенің үшеуі бойынша шешім табылды, қалғандары бойынша жұмыс жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер