«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Вакциналау – ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жолы

2021 жылғы 14 Шілде
- Алматы қаласы
12999 просмотров

Елордалық медицина орталықтары бірінің мамандары Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне вакцина – иммундық жүйені нақты антиденелерді шығаруға қалай бейімдейтіні туралы, сонымен қатар қарсы көрсетілімдері мен емделуі жайында ақпарат берді.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары қатысқан онлайн-кездесу «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды. Аудиторияның вакцинаға қатысты сұрақтарына «Mediker Астана» және «Mediker Күлсай» медицина орталықтарының мамандары жауап берді.

 Мамандардың пікірінше, вакциналау – адам ауру қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін індеттен қорғанудың қарапайым, қауіпсіз әрі тиімді әдісі. Вакцина бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділікті қалыптастыру үшін дене механизмінің табиғи қорғанысын іске қосады және иммундық жүйемізді күшейтеді.

 1 ақпаннан бастап елде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау науқаны басталды. Қазіргі кезде Қазақстанда вакцинаның 4 түрі бар: «Спутник V», «Hayat-Vax», «CoronaVac» және «QazVac».

Кездесу барысында медицина орталығының өкілдері вакцинаны қабылдауға қарсы көрсеткіштерді тізді, егер қарсы көрсетілімдер болса, дәрігер пациентке вакцина қабылдаудан медициналық босату бере алады.  Бұл жерде созылмалы аурулары бар адамдар, егер ауру жақсы бақыланса, вакцинаны ала алатынын атап өткен жөн. Бірақ кез-келген жағдайда, вакцина немесе медициналық ем алудан бұрын, дәрігердің қарауынан өту керек.

 Онкологиялық ауруы бар адамдарға вакцина салуға қатысты мәселені Алматы ӨКП өкілі Арай Шыныбекова қойды.

 «Химиотерапияны қабылдау кезеңінде ғана онкологиялық науқастар екпеден медициналық босатуды алады деген  ұйғарым рас па? Бұл жағдайда қатерсіз немесе қатерлі ісік туралы түсінік жоқ деген түсініктеме бар», – деп сауал қойды Палата өкілі.

Маманның айтуынша қатерсіз ісік вакцианалаудан босатпайды. Егер онконауқас  иммуносупрессивті терапия алып, препарат қабылдау салдарынан иммунитеті түссе осы жайт вакцина салдыруға қарсы көрсетілім саналады. Қатерлі ісік, сондай-ақ қатерлі болжамында тұрған қатерсіз  ісік –  медициналық босатуға себеп болады, мұндай жағдайларда вакцинаны салдыруға мүлде болмайды.

 Эндокриндік аурулар қарсы көрсетілім бола алмайды, бірақ, егер адамда аутоиммунді аурудың өршуі, гормондардың жоғарылауы препараттарға көнбесе, онда науқасқа екпе алудан уақытша босату беріледі.

Өңірлік палаталардың қызметкерлері медициналық босатуды уақытша алған адамдарға күнделікті ПТР-тестілеуді өтуге қатысты сұрақты көтерді.

 Мамандар бұл сұрақ олардың құзыретіне жатпайтынын, мұны жұмыс беруші өзі шешетінін айтты. Осы ретте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жақында өткен брифингтегі сөзінде медициналық босатуы бар науқастарға ПТР-зерттеуден өту талап етілмейтінін айтты. Мұндай адамдар саны елімізде 1 пайызды құрайды, олар вакцина салдырған басқа әріптестерінің иммунитеті арқылы қорғалады.

 Қорытындылай келе, медицина қызметкерлері қойылған көптеген сұрақ жеке сипатқа ие және учаскелік дәрігерлердің қабылдауында шешілуі керек екенін түсіндірді. Сондықтан вакцина салдырғанға дейін зерттеуден өтіп, дәрігермен кеңесу аса маңызды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әскербек Насамбаев Алматы қаласы ВАК шешіміне сәйкес карантиндік шектеулер күшейтілген өңірлер тізіміне кірмегеніне қарамастан, барлық санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер