«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қыстың қамын жаз ойла

2021 жылғы 26 Шілде
- Павлодар облысы
7175 просмотров

Қазіргі кезде өңір-өңірде шөп шабу, астық ору жүріп жатқаны белгілі. Павлодарлық фермерлер жем-шөп дайындауға қызу кіріскен.

«Агро-Даму» ЖШС басшысы Руслан Бөкеев Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаевпен кездесу барысында жем-шөпті дайындау процесі қалай жүріп жатқаны, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілетіні туралы хабарлады.

 «Фермерлердің шығындарын субсидиялау – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың негізгі шараларының бірі. Комиссия құрамында біз кәсіпорындардың мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларының өлшемдері мен талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында ауыл шаруашылығы фирмаларына барамыз. Бұл жолы Тереңкөл ауданының алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі «Агро-Даму» ЖШС-на бардық», – дейді Жомарт Сембаев.

Шаруа қожалығы 2010 жылы құрылған. Қожалық ұн тартады, сүт өндіреді, арпа, картоп, жүгері өсіреді. Қожалық қарамағында 600 ірі қара басына шақталған сүтті-тауарлы ферма жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнында 136 адам жұмыспен қамтылған. 24577 га жер телімі бар, соның ішінде егістік көлемі – 14877 га. Ауыл шаруашылығы фирмасы Тереңкөл ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының сүйемелдеуімен дамып келеді.

Руслан Бөкеев қазіргі уақытта жем-шөп дайындау жүріп жатқанын және барлық қауіптерге қарамастан, мұнда жем-шөп бойынша жоспарды толық көлемде орындауды жоспарлап отырғанын айтты.

«Қазіргі кезде қатты әрі нәрлі шөп түрлерін шауып жатырмыз. Астық жағына келсек, мәселе туындап жатқан жоқ. Жауын-шашын болды, сондықтан жоспарды толығымен орындаймыз деген ойдамын. Құрғақ шөптің сапасы жоғары», – деді фермер.

 Кездесу барысында ауыл шаруашылығында мамандар жетіспейтіні айтылды.

Осы мндетті орындау үшін «Агро-Даму» ЖШС 2018 жылы Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжін сенімгерлік басқаруға алды, бұл кадрларды даярлауды тікелей ауыл шаруашылығы кәсіпорнының базасында жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Енді  «Агро-Даму» ЖШС жыл сайын 30 студентті жұмысқа алып, еңбекақы төлейді. Кәсіпорын құны 7 млн теңгеге «Дәнекерлеу ісі» шеберханасын ашты.

Айта кету керек, 2021-2022 жылдарға малдың қыстауын сәтті өткізу үшін Тереңкөл ауданында мал санының өсуін ескере отырып, 97,5 мың тонна шөп, 115,9 мың тонна пішен, 22,5 мың тонна сүрлем, 29,8 мың тонна құрама жем дайындау жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер