«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орал қаласында 40-тан астам қолөнер шебері «Құрақ көрпе» көрмесіне қатысты

2021 жылғы 11 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
8422 просмотров

Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының  Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.  Қолөнер шеберлері көрпелерден басқа сәндік-қолданбалы өнер туындыларын көрмеге қойды. Жәрмеңке өңірлік кәсіпкерлер палатсының қолдауымен ұйымдастырылды.

 «Құрақ көрпе» көрмесінде облыстың 10 ауданынан келген 43 қолөнер шебері өз шығармашылығын таныстырды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов мұндай көрмелер ұлттық қолөнерді дамыту, халық шығармашылығын кеңінен  насихаттау және салт-дәстүрді сақтауға ықпал ететінін атап өтті. Ол Лена Тұрсынова бастаған іскер әйелдер кеңесіне қолөнер шеберлеріне жағдай жасағаны үшін алғысын білдірді.  

Көрмедегі экспозициялар көпшілік назарын жаулады. Бұйымдардың сан алуандығы көз сүйсіндірді. Облыс орталығының тұрғыны Алмагүл Сейткереева нан, көкөніс, жеміс тұрауға арналған тақтайлар топтамасын мен ақша жинағышты сатып алды.

 «Тақтайлардың ұлттық ою-өрнекпен көмкерілгені ұнады. Ал ақша жинағыш сандықша түрінде жасалған, анамыз екеумізге ұнады. Қол еңбегі қашанда бағалы, ағаштан жасалған бұйым ұзақ уақыт жарамды. Бүгінгі саудамызға көңіліміз толды. Бәлкім тағы бірдеңе алармыз, пайдалы, тартымды заттар көп», – деді Алмагүл.

 Келесі қонақ – Ақторғын Ерназароваға көрпелер ұнады. Оның пікірінше, ауыл әйелдері тұрмыстық заттарды әзірлеуге шебер келеді.

«Енем құрақ көрпенің жұмсақ негізін дайындап берді, сыртқы құрағын өзің таңда деп айтты. Міне, қызымыз екеуміз шеберлердің туындысын таңдап, сәнді мата, түс, өрнекке қатысты кеңес сұрауға келдік», – дейді Ақторғын.

 Әр шебердің өз тарихы бар. Мысалы, Жәнібек ауданының тұрғыны Ұлдай Ғұмарова көрмеге шәркей, балалар костюмдері, бисерден тоқылған сөмкелер, ас үй заттарын әкелді.  Қолөнерге деген ынта Ұлдайда бала күнннен басталды, ол үнемі жаңа технологияларды игеріп, киім тігудің қыр-сырын үйренді. Өз жұмыстарына материалды тігінші Алматы қаласынан алдыртады. Ұлдай Ғұмарова аудандағы Мәдениет үйіне жетекшілік етеді, өзі қолөнер үйірмесін жүргізеді.

 «Әр отанасының үй шаруашысынан бір уақыт демалу үшін пайдалы ермегі болуы керек. Мұндай шаруа үйге жайлылық беріп, сәнін кіргізеді, қолөнер бұйымдары қашанда көз қуантады», – деді Жәнібек ауданынан келген қонақ.

 Даражат Гиляжева көрпе тігуді интернеттен үйренген. Декреттік демалыста жүрген кезде жаңа кәсіпті игерді. Содан бері екі жыл ішінде келіншек көрпе тігудің нағыз шеберіне айналды.

 Жібек Сарестекова – көрмеге келушілер арасындағы тәжірибесі бай шебер. Құрақ көрпемен соңғы сегіз жыл бойы тығыз айналысады. 2019 жылы зейнеткер «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, грант алды. Осы қаражатқа жүн түтетін аппарат сатып алды. Көрпе тігу тұрақты табыс әкеле бастады. Жүнді тігінші ауылдастардан, матаны қаладан сатып алады. Әйелдің айтуынша, отбасылық бизнес табысты дамып келеді және қазір бизнеске басқа аудандардың туыстары тартылды.

Зейнеткер «Бастау Бизнес» бойынша оқу ұйымдастырып, кәсіп ашуға мүмкіндік берген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс айтты.

Көрпе тігу шеберлері Облыстың іскер әйелдер кеңесіне көрме ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, іс-шараы тұрақты негізде өткізіп тұруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер