«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғауды күшейтуге арналған бағдар

2023 жылғы 10 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7391 просмотров

Өткен жылы БҚО кәсіпкерлер палатасында бизнес мәселелерін талқылау бойынша жұмыс топтарының 17 отырысы өтті. Тағы осындай 11кездесу облыс прокуратурасының алаңында өтті.


Бизнес субъектілерінің келіп түскен өтінімдердің 50%-дан астамы өңірлік маңызы бар проблемаларға қатысты болды. Өтінімдердің басым бөлігі кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын тиімді қорғаудың мысалы ретінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ үлгілік шартынан кәсіпкерлерге газ жеткізудің немесе тұтынудың орташа тәуліктік нормасынан асып кеткен жағдайларда жоғары коэффициентті қолдану туралы ережені алып тастау деп атауға болады. Бұдан басқа, үлгілік шартта газдың нақты алынған көлемі туралы ақпаратты күнделікті беру міндетін жүктеу көзделген. Ал бұл жұмысты бақылаушылар орындауы тиіс.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстық прокуратураның осы тармақтарына назар аударды, нәтижесінде қадағалау органы монополист-кәсіпорынның атына әрекет ету актісін енгізді.
Осылайша, үш мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Осы тұтынушылармен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы бизнес субъектілері үшін тиімсіз газ тұтыну келісімшарттарын алып тастай отырып, келісімшартқа қосымша келісім жасады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау БҚО Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің жеке сипаттағы өтінімдер бойынша сот талқылауларына қатысуы арқылы да жүзеге асырылады. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкер мен Шығыс Қазақстан облысының қазыналық кәсіпорны арасында туындаған дауды сәтті шешу жағдайлары бар.
Мәселен, «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этногрофиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы» КМҚК сотқа «Нұртан» ЖШС-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы өтініш білдірді. Талап қою үшін бизнес субъектісінің мемлекеттік сатып алу келісімшартында көзделген тауарды жеткізу мерзімін бұзуы негіз болды. Өз құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін «Нұртана» ЖШС директоры Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінді және ӨКП өз өкілінің сот процесіне қатысуын қамтамасыз етті.

«Талқылауға қатысқан Палата қызметкері соттың назарын мынадай фактілерге аударды: талап қою күніне тараптар арасындағы келісімшарт бұзылған жоқ; сатып алушы тауарды қабылдады, ал кәсіпкер жеткізуді кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбын төледі.
Сонымен қатар, қорық мұражайы сотқа шағымдану үшін заңмен белгіленген мерзімді бұзды.
ӨКП өкілі сотта коммуналдық кәсіпорынның тауарды жеткізудің кешігуіне байланысты ешқандай шығынға ұшырамағанын дәлелдеді. Сондықтан соттан талапкерге оның өтінішінен бас тартуды сұрады.
Сот «Нұртан» ЖШС пайдасына шешім шығарды
Осылайша, кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқығы мен заңды мүддесін қорғады және бизнес субъектісі оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп таныған жағдайда туындауы мүмкін қолайсыз салдардан сақтап қалды», – деп атап өтті БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов.

БҚО ӨКП жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде ұйым арқылы тоқсан сайын облыс әкімі, оның орынбасарларымен кездесулер өткізеді. Осы кездесулер аясында өңір басшысының бизнес субъектілерін қабылдауы ұйымдастырылады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша БҚО кәсіпкерлер палатасы облыс әкімімен кәсіпкерлердің 7 қабылдауын ұйымдастырды. Кәсіпкерлер жүгінген 36 сұрақтың 25-і келушілердің пайдасына шешілді.
ӨКП құқықтық блогының қызметіндегі жаңа бағыттардың бірі қылмыстық процесте кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау процесіне заң және адвокаттық қоғамдастықтарды тарту болды. Адвокаттармен және заң кеңесшілерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыру шеңберінде қылмыстық сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелер; қылмыстық процеске тартылған кәсіпкерлердің құқығын шектейтін нормалар талқыланады.
Адвокат пен заң кеңесшілерінің қоғамдастықпен жұмыс кездесулері 2022 жылдың маусымынан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыттан бастап ӨКП алаңында осындай бес кездесу өтті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер