«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес өкілдері пияз мәселесіне қатысты ұсыныстарын айтты

2023 жылғы 20 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
9849 просмотров

Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды экспорттауға тыйым салуды енгізу қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Ведомствоның ұсынысын көпшілік алдында талқылау 24 қаңтарға дейін жалғасады. Батыс Қазақстан облысының кәсіпкері ведомствоның бастамасын ішінара қолдайды, алайда экспортқа толық тыйым салу – үстірт шешім деп санайды.

Анатолий Кан «Жаңа Әлем» шаруа қожалығын басқарады. Кәсіпкердің айтуынша, пиязға деген сұранысқа қатысты мәселе жоқ. Шаруа қожалығы сатқан пияздың негізгі үлесі БҚО халқына тиесілі және өнімнің 5%-ы республиканың басқа өңірлеріне сатылды.
Анатолий Кан Ұлттық статистика бюросының деректеріне назар аударады, оған сәйкес 2022 жылы елдегі пияз өнімі 1,1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын пиязды үш есе аз тұтынады (орта есеппен 315 мың тонна).


«Тыйымды 3 айға, ең кемі 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін салу ұсынылды. Осы мерзімге дейін ішкі нарықта 80 тонна пияз тұтынылады, ал қалған 70 мың тоннаны фермерлер қоқыста тастауға мәжбүр болады. Көктемде бұл көкністі сақтау қиын екенін ескерген жөн. Ал күні жылы оңтүстік өңір үшін бұл өзекті проблема. 15 сәуірден бастап көрші өңірлерде өқсірілген жаңа пияз сатылады», - деп атап өтті Анатолий Кан.


Кәсіпкер пиязға қатысты мәселені шешуде келесі шараларды ұсынды:
1) тыйымның қолданылу мерзімі 20 наурызға дейін белгіленсін. Сонда құны көтерілмейді, өндірушілер егіннің қалған бөлігін 20 наурыз бен 15 сәуір аралығында сата алады;
2) 2023 жылғы 10 сәуірге дейін 1 кг өнімге пиязды республикадан тыс жерлерге әкетуге 30-40 теңге мөлшерінде баж салығы енгізілсін. Баж салығын жинаудан алынған қаражат «Aqjaiyq» ӘКК филиалдарына оларды бизнес субъектілері арасында бөлу үшін бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін жаңа пияз дақылын сатып алуға берілсін.


«Осылайша, Қазақстанда пияздың бағасын ұстап тұруға болады, ал өндірушілер өсірілген және сақталған егінді сата алады. Баждан түскен ақша сол шаруаларға көмекке жұмсалады», - деді Анатолий Кан.


Еске салсақ, «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу туралы»  ҚР АШМ бұйрығының жобасын жария талқылау egov.kz «Ашық НҚА» порталда жүргізілуде. Авторизациядан өткен пайдаланушылар жобаға өз ұсыныстарын, ескертулерін қалдыра алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер