«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Анықтамалықтың" жетілмегендігі ауыл кәсіпкерлері үшін қиындықтар туғызды

2023 жылғы 20 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7549 просмотров

БҚО-да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында ауылдық жерлерде жылжымайтын мүлік бағасының анықтамалығын қолдану, жастарды төмен пайызбен неселеу, туризмді дамыту перспективалары талқыланды.


Аталған мәселелер ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Батыс Арбат Сервис» ЖШС директоры Асқар Мерғалиев төрағалығымен Шағын және орта бизнес және қызмет көрсету саласы комитетінің отырысында талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жылжымайтын мүлік бағасының анықтамалығын қолдануды талқылау кезінде нормативтік құжатта ауылдық жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті бағалаудың нарықтық құны төмендетілгеніне назар аударды. Анықтамалықтың мазмұнына фермерлер, шаруа қожалықтарының басшыларын қаржыландыруға арналған өтінімді қарау кезінде «Аграрлық несие корпорация» АҚ негізделеді және жылжымайтын мүлікті бағалаудың нақты нарықтық құнының сәйкес келмеуі кәсіпкерлердің несие алу кезінде қиындықтардың туындауына әкеп соғады.


«Комитет «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға жылжымайтын мүліктің нарықтық бағаларын ескере отырып, кепілге алынатын жылжымайтын мүлік критерийлері бойынша кесте әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жіберу туралы шешім қабылдады. Елді мекендер үшін жылжымайтын мүлік жөніндегі анықтамалықтағы сәйкессіздіктер туралы Ұлттық палатаның орталық аппаратына мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде берілетін микронесиелер бойынша жылжымайтын мүлікке бағалау құнын талап етуді алып тастау ұсынысымен жеткізілетін болады», - деп хабарлады ШОБ және қызмет көрсету саласы комитетінің төрағасы Асқар Мерғалиев.

Облыста туризмді дамыту мәселесін қарай шеңберінде облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілі Ернар Қайырғалиев туристік саланы дамытатын бизнес субъектілеріне мемлекет көрсететін қаржылық қолдау шараларын таныстырды. Сондай-ақ, қаржылай көмек туристік объектілерді, жол бойындағы сервис объектілерін салуды жоспарлаған не туристік автобустарды сатып алу туралы ойлаған кәсіпкерлерге де қолданылады.
БҚО Кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұсынған ақпарат «Туристік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.04.2021 жылғы заңға негізделген.
Кәсіпкерлер өз ұсыныстары мен талап-тілегін жеткізді. Ұсыныстың бірі – бизнес субъектілеріне облыстық статистика басқармасының деректер базасына кіруге рұқсат беру туралы өтініш болды. Онда қонақ үйлердің саны, нөмірлік қоры туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, бизнес субъектілері үшін шетелдіктерге Оралды таныстыру үшін Батыс Қазақстан облысына туристердің ағынын білу маңызды
Жастарға жеңілдікпен несие беру мәселесінде ШОБ және қызмет көрсету саласы комитетінің отырысында ең жоғары сома 5 млн теңге аз екені аталды. Еңбек министрлігі алында несие сомасын 6,5 мың АЕК-ке (22,4 млн тг.) дейін ұлғайтуды бастамалау туарлы шешім қабылданды.


«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында жастар үшін кепілсіз несие беру мүмкіндігін де қарастыру қажет», - деп атап өтті жиын модераторы.


Шағын және орта бизнес және қызмет көрсету саласы комитетінің отырысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысқа қабылдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер