«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құқықтық құжаттарды дайындау сапасын жақсартуда оң үдеріс

2023 жылғы 25 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6974 просмотров

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары бизнестің заңды мүддесін қорғауды жүзеге асырады. Бұл бағытта ӨКП нормативтік-құқықтық қызметке де қатысады. Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы ЖАО және мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің мазмұнын талдап, осы құжаттардың сапасын жақсартудың оң тенденциясын атап өтті.

Кәсіпкерлік кодекстің 65-бабының және «Құқықтық актілер туралы» ҚР заңының 19-бабының талаптарына сәйкес өңірлік палаталар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын НҚА жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады. Сонымен қатар сол құжаттардың мазмұны бойынша заңнамаға сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.
2022 жылы БҚО Кәсіпкерлер палатасына нормативтік-құқықтық актілердің 252 жобасы сараптамаға түсті, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар қаулыларының жобалары — 122 бірлік, мәслихаттар шешімдерінің жобалары — 112 бірлік, әкімдіктер мен өкілді билік органдарының бірлескен жобалары — 18 бірлік.
Жобалардың 31%-ы әлеуметтік заңнама саласына қатысты (азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту, әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбелерін айқындау). Сараптамалық қорытынды беру үшін ӨКП-ға түскен жобалардың 27%-ы мемлекеттік басқару (елді мекендердің шекараларын белгілеу, стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту және басқалар) саласында жаңашылдықтарды қамтды. Жобалардың 18%-ы ТКШ және автомобиль көлігі мен жол мәселелеріне қатысты болды.
«ӨКП сарапшылары әкімдіктер мен мәслихаттардың нормативтік-құқықтық актілерінің 211 жобасы бойынша «ескертусіз» қорытынды берді. бұл НҚА жобаларының 83,7%-ы қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келмейтінін білдіреді. Ескертулермен 18 жоба қайтарылды (7,1 %). 23 жобада бизнес мүддесін қозғайтын нормалар болған жоқ», - деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов.
ӨКП жетекшісі жыл өткен сайын НҚА жобаларының сапасы артып келе жатқанын айтты. Бұдан басқа, атқарушы және өкілді билік органдары кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының алдыңғы ескертулерін назарға алды, бұл да нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Директордың айтуынша, НҚА жобасын кері қайтарудың негізгі себеі (7,1 пайыз) түсіндірме жазбалардың сапасын толтырылуы. Онда жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері жиі көрсетілмей қалады. НҚА жобалары Кәсіпкерлік кодекс пен «Құқықтық актілер туралы» заң талап ететіндей түсіндірме жазбаларсыз келіп түсетін жағдайлар жиі кездеседі.
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы әкімдіктер мен мәслихаттар үшін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу тәртібі мен қағидаларын тұрақты негізде түсіндіріп отырады. НҚА-ның келіп түскен жобалары өңірлік палатаның сайтында жарияланады, сондай-ақ танысу үшін бизнес субъектілеріне, аккредиттелген ұйымдарға жіберіледі. Осылайша, кәсіпкерлердің өз ескертулері мен ұсыныстарын уақтылы енгізуге мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Нұржан Мақсотов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер