Байқауға дайындық ақпарат алудан басталады
БҚО кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына әлеуетті қатысушылар арасында семинар өтті.
Еске салсақ, бизнес субъектілерінің республикалық байқауларға қатысуы бүкіл елге өз табысы туралы мәлімдеуге мүмкіндік береді, сондықтан бизнес-қоғамдастық тарапынан бұл іс-шараларға қызығушылық көп жыл бойы өзектілігін жоғалтпай келеді
Семинар онлайн және офлайн форматта өтті, оған барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Эльмира Өтешева «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздары үшін қандай мүмкіндіктер ашылатыны туралы айтып, олардың әлеуетті қатысушыларына қойылатын талаптарды түсіндірді. Алайда, сарапшының пікірінше, республикалық байқауларда қатысудың өзі кәсіпкерлерді жаңа табыстарға ынталандыруы тиіс.
Жергілікті өндірушілер тауарларының өңірлік көрмесі облыс орталығында 14 шілдеде өтеді. Оған қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.
Байқауға қатысудың алғашқы қадамы www.altynsapa.kz сайтында тіркелуден басталады. Содан кейін кандидат материалдарды Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84, 3-қабат мекенжайы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына ұсынуы тиіс.
Эльмира Өтешева қажетті құжаттаманың тізіміне егжей-тегжей тоқталды. Байқауға дайындалуға қатысты сұрақтар туындаған кезде мына байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 87112 24 30 78, 8 777 587 8046.
Тыңдаушыларды конкурстарға дайындық бойынша ақпаратпен таныстырғаннан кейін оларға іс-шараға қатысқанын растайтын сертификат табыс етілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: