«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Несие бойынша төлемдерді шегеруге болады

2024 жылғы 08 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
7055 просмотров

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы су тасқыны салдарынан мүлігі бүлінген кәсіпкерлерге пайдалы ақпаратты хабарлайды.

«Aqjaiyq Atameken» МҚҰ» ЖШС несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға дайын.  Кәсіпкерлерден өтініш офлайн да, электрон поштаға да қабылданады, онда: кәсіпкердің аты-жөні, ЖСН, байланыс деректерін жазады. Несиесі туралы деректер, мүлік, жеке шаруашылық, табыс және қаржылық жағдайға келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса береді.  Қарыз туралы мәліметтер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан алынған зардап шеккендер тізімінде қарыз алушының болуы туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

Микроқаржы ұйымының мекенжайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 215Б, 5 т., 11/1 кеңсе;

Электрон пошта: aqjaiyq.atameken@mail.ru.

Барлық туындаған сұрақ бойынша қарыз алушы 8 (747) 419 81 03 нөмірі бойынша жүгіне алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер