«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкенттік кәсіпкерлер су басқан өңірлерге көмек жіберді

2024 жылғы 11 Сәуір
- Шымкент қаласы
7035 просмотров

Шымкенттің бизнес қауымдастығы қалалық кәсіпкерлер палатасымен бірге төтенше жағдай жарияланған өңірлерге көмек қолын созды.

Өңірлік палата директоры Сабира Адамбекованың жетекшілігімен үйлестіру штабы жедел ұйымдасып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне және іскер әйелдер кеңесіне мүше кәсіпкерлер бөлген заттай көмек Палата жанындағы қоймаға жиналды. Арасында тұрғындарға бірінші қажет заттар мен бөгетке құруға тапшы күректерден бастап жеке гигиена құралдары, азық-түлік, төсек жабдықтары бар. Кәсіпкерлер, сонымен қатар, арнайы қордың шотына қаржылай да көмектерін аударды.

«Штаб құрылғалы бері жұмыс қызу жүруде. Кәсіпкерлер палатасы мен қаламыздың іскер азаматтары төтенше жағдайдан шет қалмай, қол ұштарын созуда. Алғашқы күндері жалпы сомасы 100 миллион теңгеге жуық көмек жиналды. Олар – заттай және қаржылай көмек. Жиналған жүктің алғашқы бөлігі кеше Орал қаласына жіберілді, – дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ақниет Абдіқадірова.

Ақниет Маратқызы штаб жұмысын үйлестіріп, көрсетілген көмек тізімін жасауға жауапты. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер