«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Залал сомасы қайта есептеледі

2024 жылғы 12 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
6568 просмотров

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын әзірлеуді бастады. Бұл жұмысқа «Атамекен» өңірлік палаталары да тартылған.

Өкінішке қарай, ауқымды су тасқыны сейілер емес. Сәйкесінше мүліктік зиянның айтарлықтай мөлшеріне дайындалу керек. Кәсіпкерлер де үлкен шығынға ұшырап жатыр.

 Қазіргі кезде Орал өзені жағалауында кәчіп ашқан кәсіпкерлердің мүлкіне ауыр залала келтіріді. Өңірлік палата директоры Мақсат Құланбаев кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы органдарға материалдық залалды өтеуге өтінім беру рәсімін түсіндіру және қағидалар жобасына ұсыныстар жинау мақсатында осы объектілерді аралап шықты. Атап айтқанда, Палата өкілі «Русские бани» иесі Жақсылық Саматовпен, «Батыс Строй Монтаж» ЖШС директоры Дәурен Искендиров және «Бавара Катринг» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Мақсат Құланбаев  2014 жылғы 19 желтоқсандағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеудің қолданыстағы қағидаларында еке және заңды тұлғаларға бөлу қарастырылмағанын, тиісінше мүліктік зиянды өтеу тәртібі жалпы көзделгенін атап өтті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі жартысы қарыз қаражаты есебінен дамитындықтан, тиісінше, кредиторлар алдында бірқатар міндеттемесі барү Сондықтан «Атамекен» ҰКП мамандары осы күрделі кезеңде кәсіпкерлерді өз проблемасымен бетпе-бет қалдыру әділетсіз деп санайды.

 Палата директоры Қаңтар оқиғасы кезінде ҰКП Алматы кәсіпкерлеріне залалды өтеуге өтінім беру үшін қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыру рәсімінде өз көмегін ұсынғанын, өңірлік палата жанынан тонаушылардан зардап шеккен кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша жедел желі ұйымдастырылғанын еске салды. Осылайша, тәжірибе бар және республиканың бірнеше өңірін жайлаған табиғи апат кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесін қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу қажеттілігін туғызды.

 Су тасқынынан мүлігі бүлінген кәсіпкерлермен кездесуде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры су тасқынынан зардап шеккен бизнеске мүліктік зиянды өтеу тәртібі мен рәсіміне байланысты сұрақтарға жауап берді. Табиғи апат проблемасы өзектілігін сақтап қалғандықтан, зардап шеккендердің мүліктік залал сомасы қайта есептелетін болады.

«Өңірлік палата жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істейді. Қаржылық міндеттемелерге байланысты бизнес мәселелерін жедел шешу мақсатында «Даму» қоры, Аграрлық несиелеу ұйымы, ккінші деңгейдегі банктер және МҚҰ-мен тұрақты байланыста», – деп атап өтті ӨКП директоры Мақсат Құланбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер