«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инновациялық құрылыс материалдары: Қазақстан мен Орталық Азия үшін жаңа тыныс

2024 жылғы 06 Қараша
- Алматы қаласы
2184 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП және шетелде Қытай өнеркәсібін дамыту қауымдастығы бірлескен платформа құруда. Ол серіктестерге өндіріс пен құрылысқа озық технологияларды енгізуді жеделдетуге, құрылыс өнімдерін тасымалдау құнын, экспорттық тарифтерді, инфляциялық процестерді төмендетуге мүмкіндік беретін бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер үшін катализатор ретінде қызмет ететін болады.

Жыл сайын Алматыда шамамен 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тағы 700-800 шаршыға жуық – агломерацияда. Алматы мен Қонаев қалаларының екі ортасында жаңа еркін экономикалық аймақ – Алатау қаласы салынуда, ол да мегаполистың агломерациясына кіреді. 2030 жылға қарай оның халқы шамамен 2 миллионға барады деп күтілуде. Демек, тұрғын үй, өнеркәсіптік, инфрақұрылым және іскерлік нысандардың үлкен құрылысы күтілуде. Мұның бәрі құрылыс материалдарының едәуір көлемін, инновациялық технологияларды, үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді.

Қазақстан мен Қытай арасында құрылатын бірлескен платформа құрылымдардың сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ететін ақпарат пен ресурстарға, озық технологияларға, үздік өндірушілердің өнімдеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесіне айналады. Сонымен қатар, бұл сатып алу және жеткізу процесін, логистика мен тасымалдау шығындарын, экспорттық тарифтерді, инфляциялық процестерді төмендетеді. Бұл жаһандық экономикалық сын-қатерлер жағдайында өте маңызды. Тараптар кездесуде екі елдің іскерлік диалог құру қажеттіліктерін, әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашатын презентациялар ұсынды.

«Мұнда құрылыспен, құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын кәсіпкерлердің ең салмақты құрамы жиналды. Олардың барлығы осы бағытты дамытуға мүдделі. Бізде автомобиль өнеркәсібінде инвесторлар мен кәсіпорындардың бірлесіп жүзеге асырып жатқан бизнес-жобалардың үлгісі өте жақсы. Одан тұтынушылар мен мемлекет те, инвесторлар мен қазақстандық өндірушілер де ұтуда. Құрылыс саласында да тығыз ынтымақтастық орната отырып, біз көптеген жаңа кәсіпорындар ашамыз. Мұнда қатысушылардың атынан сіз серіктестерді, нарық сарапшыларын таба аласыз. Біз палата және палата жанындағы құрылыс жөніндегі кеңес ретінде жаңа жобаларды іске асыруға жан-жақты жәрдемдесуге дайынбыз», - деп атап өтті өз сөзінде Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

Бірлескен платформа Қазақстан мен Қытайдан келген компаниялар барлық қажетті ақпаратпен алмасатын онлайн жүйе болып табылады. Бұл Қазақстанда жаңа зауыттар мен өндірістерді іске қосуға серпін береді. Сонымен қатар,  экспорттық тарифтер мен шығындарды төмендетуге, қазақстандық тауарлардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл өз экономикасын әртараптандыруға және мұнай мен газ сияқты дәстүрлі экспорттық тауарларға тәуелділікті төмендетуге ұмтылатын Қазақстан республикасы үшін ерекше маңызды. Цифрлық сегменттерді қамтитын бірлескен платформа Орталық Азия нарығында өз бизнесін кеңейту мүмкіндіктерін іздейтін шетелдік инвесторлар үшін де қызықты болады. Осы ынтымақтастық шеңберінде бірқатар қытайлық компаниялар Қазақстан аумағында өндірістер құруға қаражат салады деп күтілуде, және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпалын тигізері сөзсіз.

«Біз «жасыл» материалдар мен «жасыл» технологияларды қолдану аясын кеңейтуге мүдделіміз. Бірлескен цифрлық платформа қатысушы компанияларды тек инновациялық өнімдерді ілгерілетуге ынталандырады», - деп атап өтті China Academy of Building Design &Research Co компаниясының бірінші кәсіби сәулет дизайны институтының сәулет-ландшафт бөлімінің директоры Гао Жуньпэн.

Құрылыс секторы әрқашан құрылымдардың сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ететін жоғары сапалы материалдарды пайдалану қажеттілігіне тап болады. Қазақстан мен Қытайдың осы саладағы күш-жігерін біріктіру инновациялар мен тұрақты дамуға негізделген құрылысқа жаңа көзқарасты іске асыру үшін негіз бола алады.

Бірлескен платформаны дамыту әлеуметтік салаға да оң әсер етеді. Құрылысқа жаңа технологияларды енгізу халықтың өмір сүру жағдайы мен деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Себебі инвестициялар жаңа жұмыс орындарын құруға, мемлекет әлеуметтік инфрақұрылымды, соның ішінде білім беруді, денсаулық сақтауды және көлікті дамытуға бағыттайтын салықтарды қамтамасыз етеді. Қытайдың экологиялық таза технологиялар мен материалдарды дамытуда айтарлықтай тәжірибесі бар. Платформада бірлесіп жұмыс істеу Қазақстанға осы жетістіктерді интеграциялауға және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қытай өнеркәсібін шетелде дамыту қауымдастығының президенті Хэ Чжэньвэй, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов және «Атамекен» ӨКП жанындағы құрылыс кеңесінің төрағасы Любовь Нысанбаева өзара ынтымақтастық және бірлескен жобаны дамыту туралы Меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер