«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Таңдау өзімізге байланысты

2024 жылғы 26 Қараша
- Алматы қаласы
2159 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП алаңында қаржы институттарының салалық Кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Өңірлік кеңес делегаттарын алдағы сайлау нормаларын түсіндіру.

Алдағы сайлауға қаржы институттарының салалық кеңесінің мүшелері байыпты және жауапкершілікпен қарауға ниетті. ӨКП директорының орынбасары Жанна Мурзакулова тәртіпті түсіндірді.

       

«Әр кеңестен өңірлік кеңеске екі кандидат және аккредиттелген қауымдастықтардан бір кандидат ұсынылады. Сайлауға қатысатын әр бір кеңес құрамы, сайлау бағдарламасы, өтетін күні мен нақты уақытын өңірлік палатаның сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жариялап кеңестің әрбір мүшесіне жіберілетін ресми хабарландыруға дейін нақтылаймыз», - деді Мырзақұлова.

       

Сайлау екі жолмен өтеді: құпия және ашық. Құпия түрде дауыс беру үшін өңірлік палата алаңында урналар орнатылады, салалық кеңес мүшелері дауыс беретін күн мен уақыт тағайындалады. Ашық дауыс беру сайлауға офлайн режимінде қатыса алмайтындар үшін қолданылады. Негізгі шарт-кворум болуы керек, бұл салалық кеңес мүшелерінің 2/3 бөлігі.

«Менің ойымша, сайлау жақсы өтеді. Біз бәріміз науқанға қатысуға ниеттіміз, өйткені әрбір дауыс маңызды. Өңірлік құрамға кіретін салалық кеңестің өкілдері қаржы секторынан кәсіпкерлерге көмек көрсетудің қандай да бір нормативтік-құқықтық актілерін немесе шарттарын жақсарту үшін ұсыныстар енгізе алады. Бұл өте маңызды әрі жауапты қадам», - деп атап өтті салалық кеңестің төрағасы Максим Барышев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер