«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысында дуалды білім беру жүйесі бойынша мамандар даярлайтын 13 колледж анықталды

2014 жылғы 17 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
11517 просмотров

Бұл туралы ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев БҚО Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында хабарлады.

«Біз дуалды білім беру жүйесінің дамуы туралы айтып отырмыз. Батыс Қазастан облысы үшін кадр мәселесі, әсіресе жұмысшы мамандықтарға қатысты – өте күрделі мәселе болып отыр. Мемлекет мамандарды даярлауға үлкен қаражат жұмсауда, ал кейін олардың кәсіпорындар үшін қажеті жоқ екендігі анықталады», - дейді Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, кадр даярлау нарық қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек, сондықтан өндірістік кәсіпорындардың кәсіби дайындық процесіне қатысулары қажет.

«Кәсіпорындар жастарды тарта отырып, мамандық негізін іс жүзінде ұғынуға, бірте-бірте ұжымға қосылуға мүмкіндік береді. Дәл осы кәсіпорындар дайын, білікті мамандарды алады. Менің ойымша, бұл мемлекеттің де, бизнестің де ортақ мүддесі», - деп ҰКП Төралқа басшысы айтып өтті. Ол дуалды білім берудің абстрактылы әңгіме деңгейінде қалмауын, ол үшін әр өңірге айқын және түсінікті жоспар қажет екендігін ерекше айтып өтті.

Қазіргі таңда БҚО-да 30 колледж анықталып отыр, олардың негізінде әр түрлі салаға мамандар дайындалатын болады: мұнай-газ және химия, энергетика, ауыл шаруашылығы, экология, құрылыс, байланыс және телекоммуникация, көлік саласы және т.б.

Өңірдің 20 кәсіпорны оқу орындарымен қызметтес болуға дайын екендіктерін білдірді. Қыркүйек айынан бастап колледждердің 530 студенті үшін дуалды жүйе бойынша даярлықтар басталады. Оларға жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі, себебі жаңа мамандарға тапсырыстар тікелей кәсіпорындардан түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер