«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысы колледждерінде дуалды оқыту жүйесі енгізілуде

2014 жылғы 25 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
9679 просмотров

 

Батыс Қазақстан облысының 14 колледжінде биылғы жылы дуалды білім беру жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаеваға айтылды.

ҰКП өкілдері Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде, Евнеева БЖ ЖК Ресурстық Орталығында болып қайтқанда бұған көздерін жеткізді. Әсіресе Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушылар мен студенттері жасаған инновациялық жобалар қызығушылық тудырды: құрама жел-күн қондырғысы, гелийлі электромобиль, күн батареялары, күн батареясымен жүретін балалар мопедтері және басқалары. Нұржан Бауыржанұлы Өңірлік палатаға осы жобалардың техникалық сипаттамалары мен оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу мүмкіндігін зерттеуді тапсырды. Ал 2014 жылғы қыркүйекте «Евенеева Б.Ж.» ЖК базасында оқу орталығын ашуға шешім қабылданды

Жұмыс сапарының аясында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева БҚО Өңірлік палатасының аппаратымен кездесті. Кездесуде Палата қызметінің жақын арадағы бағдарламасы анықталды. Нұржан Бауыржанұлы Палата қызметіндегі бірнеше басымдылықты міндеттерді ерекшелеп берді. Олардың арасында: өңірдің индустриялық дамуының барлық жобаларын өз қамқорлығы мен бақылауына алу қажеттігі, мемлекеттік органдар жанындағы барлық КӘЖ бизнестің 50-% өкілдігін қамтамасыз ету. Палата қызметкерлерінің назары өңірдегі бизнесті дамытудың 3-4 бағытын таңдау қажеттігіне және жан-жақты талдау жүргізуге ерекше аударылды: осы бағыттарды дамыту үшін қандай қадамдар жасау қажет, қандай проблемалар туындауы мүмкін және қалайша осы проблемалардың туындауының алдын алуға болады. Өңір қажеттіліктеріне талдау жүргізу қажет, деді ол.

Палатаның алдында өңір мүмкіндіктерінің мониторингі, барлық кен орындарын, энергетикалық қуаттылықтарды, бизнесті дамыту үшін беруге болатын барлық тұрып қалған ғимараттар мен құрылыстарды хаттау бойынша үлкен жұмыс тұр. Жер телімдерін хаттау, қолданылмайтын жер телімдерінің картасын құрастыру бойынша жауапты жұмыс алда тұр.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен Нұржан Әлтаевтың кездесуінде Кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік билік органдарымен әрекеттестік мәселелері талқыға салынды. Облыс әкімі ҰКП-ның өңірлік қаржы институтын құру және келесі жылдың басында инвестициялық жәрмеңке жүргізу туралы бастамасын қолдады.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің отырысында сапарға қорытынды жасалды. ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Батыс-Қазақстан облысында болған сапарынан алған әсерлерімен бөлісті, өңірдегі зор әлеуетті атап өтті, облыстағы бизнестің дамуындағы негізгі міндеттерді ерекшеледі, осы міндеттерді жүзеге асыру жолында тұрған негізгі проблемаларды белгіледі. Басымдылықты бағыттар ретінде агроөнеркәсіп секторын, өңірлік қаржы институттарын құруды, «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсетуді дамытуды және басқаларын ерекшеледі. Кездесу барысында Өңірлік Кеңес мүшелерімен бірқатар проблемалар талқыға салынды. Нұржан Әлтаев көтерілген поблемаларды мұқият зерттеп шыққан соң ҰКП жауапты департаменттерін тарта отырып, бейнеконференция форматында Өңірлік Кеңес мүшелерімен талқылауды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер