astana-view

Реестр проблем

№1060

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.07.2020ж. №229 бұйрығы (әрі қарай – Ереже) негізінде «Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» қолдау шарасы енгізілген болатын. Аталмыш Бұйрықтың қазақша нұсқасында 16-нысанында (өтінімінде) кәсіпкердің «Субсидияланған аналық мал басының ағымдағы жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету» міндеттеме ретінде жауапкершілігі енгізілген болатын. Ал Ерженің орыс тіліндегі нұсқасында – «в течение года» (жыл бойы) болып жазылып, сәйкессіздік орын алған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл Бұйрығының қазақша және орысша нұсқаларында осы міндеттеменің бірдей еместігін байқауға болады.

Уровень проблемы:

Республиканская проблема

Источник информации о проблеме:

КЫЗЫЛОРДА РПП

Предложение по решению проблемы:

# 254 ҚР Құқықтық актілер туралы заңының 23-бабы 7-тармағында «Орыс тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар қазақ тiлiнде жазылған ретке сәйкес болуға тиiс» және 24-баптың 3-тармағы 3-абзацында «Қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері тең түпнұсқалы болуға тиіс» делінген. Қызылорда облысы шаруашылықтары Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде Ереженің қазақша нұсқасын басшылыққа алып, мемлекттік қолдау алу үшін өтінім беріп әрекет жасаған. Ал Ереженің орыс және қазақ тілі нұсқалараның сәйкес келмеуіне шаруашылықтардың кінәлі еместігі және заң шығарушы органнның қате аудармасының әсерінен жауапкершілікке тартылуы орынды емес екені анық. Шаруашылықтардың мәлімдеуі бойынша, 2020 жылғы қолданыста болған Ережеге сәйкес «сол ағымдағы 2020 жылы» мал басын сатпай ұстап отырған, тек келесі жылы, яғни 2021 жылы ғана мал басын жаңарту және жақсарту мақсатында бір бөлігін сатып, оның орнына басқа мал алынған болатын.

Пути решения:

1. Направить запрос в заинтересованные государственные органы (МСХ); 2. Провести совещание с участием заинтересованных лиц; 3. Рассмотреть возможность о внесении изменений и дополнений в действующее законодательство.

Дата включения в реестр:

2022-02-21 00:00:00

Предполагаемые сроки решения:

2022-04-18 00:00:00

Ход исполнения:
Ответственный исполнитель:

Есенеев Ербол Еркенович

Управляющий директор- директор Департамента

ДЕПАРТАМЕНТ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА И ПИЩЕВОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ

Руководитель подразделения:

Есенеев Ербол Еркенович

Управляющий директор- директор Департамента

ДЕПАРТАМЕНТ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА И ПИЩЕВОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ

Еншілес ұйымдар

Серіктестер