«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қысқа нөмірлі такси

2015 жылғы 17 Тамыз
- Ақмола облысы
10799 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары степногорлық таксопарктің такси шақыру нөмірін монополистен қайтарып алуына көмектесті

Степногорск тұрғыны Светлана Лагута қазіргі заманғы тиімді бизнес түрі — такси қызметін ұйымдастыруға бел буады. Ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, автопарк сатып алуға қарыз алады.

Бизнесвумен сонымен қатар «155» қысқа телефон нөмірін алып, ойдағыдай жарнамалап, таратып жібереді. Қалада нөмір танымалданып, есте оңай қалатын сандар жинағы мен кәсіпорынның жедел қызмет көрсетуінің арқасында тұрақты клиенттік база қалыптасады.

Алайда сәл бұрын «Қазақтелеком» АҚ кәсіпкерге ескертусіз және оның келісімінсіз «155» нөмірін «158-55» нөміріне айырбастап жібереді. Өңірлік байланыс операторымен арадағы келіссөздер еш нәтиже бермей, бизнесвумен Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шешім қабылдайды.

Бір қызығы, мәселе біршама жылдам шешілді. Палата сарапшыларының «Қазақтелеком» өкілдерімен телефон арқылы әңгімелесуі барысында соңғылары кәсіпкерге көмектесетіндіктерін айтады. Талапқа сәйкес, нөмірді бәрібір өзгерту қажет, бірақ қалыптасқан жағдайды ескере отырып Светлана Лагутаға бір жыл мерзім беріліп, ол осы уақыт бойында бұрынғы нөмірін пайдалана алады.

Бизнесвумен Палата атына алғыс хат жолдап, онда мәселені уақытылы әрі жедел шешіп бергені үшін алғысын білдіріпті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер