«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«КЕЛЕТ» АҚ: өнімнің жергілікті қамту үлесі 85%-ға дейін жетеді

2019 жылғы 17 Қазан
- Алматы қаласы
8708 просмотров

26 жыл ішінде электротехникалық машина жасау саласында компания қалай өзгерді

«КЕЛЕТ» АҚ Алматы қаласында 1992 жылы құрылған, бүгінде 26 жылдан соң компания Қазақстан Республикасының электротехникалық машина жасау саласында жұмыс істеп келеді.

«Біздің миссиямыз – жоғары сапалы жабдықты қолжетімді бағада өндіру және жеткізу бағытында халық мүддесіне лайықты қызмет ету. Адамдардың жайлы өмірін қамтамасыз етіп, сумен жабдықтау, вентиляция, жылыту жабдығы Қазақстан және Кеден одағы елдерінің нарығына жеткізіледі», – деді компания президенті Александр Папп.

26 жыл ішінде компания айтарлықтай жетістіктерге жеткен – нөлден бастап 9,3 мың шаршы метр өндірістік және кеңсе алаңдары салынды. Персонал саны 1992 жылдағы 4 адамнан 2018 жылы 248 адамға дейін өсті. Өткізу көлемдері 4,5 млрд теңгеге жетті, жеке өндіріс көлемі – 1,6 млрд теңге. «КЕЛЕТ» АҚ еңбек өнімділігі 2018 жылы адам басына 19,2 млн теңгені құрады.

 «Өнімімізді Қазақстан тұрғындарына жеткіземіз және ТМД елдеріне экспорттаймыз. «КЕЛЕТ» АҚ өнімі – көптеген көрмелердің жеңімпазы, соның ішінде «Қазақстанның үздік тауары» респбликалық және өңірлік көрме-байқауларының әр жылдары жеңімпазы», – деді компания басшысы.

 26 жыл ішінде компания мемлекет бюджетіне 8 млрд теңге аударды. Бір қызметкерге арналған әлеуметтік пакет 2018 жылы 131 мың теңгені құрады.

 Кәсіпорын электр жылыту қазақндықтар, бір- және көп сорғышты автоматтық станциялар, соның ішінде контейнерлі типте шығарады, газ қазандықтары, электр калориферлер, электр каменкалар, жылы ілмектерді өндіреді, орталықтан тепкіш электр сорғыларын және тағы басқа жабдықтарды жинайды. Барлық өнімдер сертификатталған. Елді газдандыруға белсенді қатысу үшін «КЕЛЕТ» АҚ мамыр айында отандық газ қазандықтарын шығаратын автоматты роботты желіні іске қосты.

Қазақстандық қамтуға келетін болсақ, өндірілген өнімде, мысалы электр су жылытқышта оның үлесі 70%-дан 79,6%-ға дейін жетеді, «Өрт сөндіруге арналған сорғыш станцияны басқару құрылғысы» моделінде 79,5%-дан 84,5%-ға дейін, газ қазандықтарында – 51%-дан 56,6%-ға дейін жетеді.

«КЕЛЕТ» АҚ президенті Александр Папп – «Құрмет» орденінің кавалері, Венгрияның рыцарь кресінің кавалері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасы және үш алғыс хатымен марапатталған, ҚР Машина жасау және көлік ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР құрметті машина жасаушысы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Алматыдағы Венгрия мәдениет орталығының төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер