«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жақсылық жаршысы»: БҚО бизнес ханымдары дәрігерлерді ыстық тамақпен қамтуда

2020 жылғы 16 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
7359 просмотров

Республикалық акцияға алғашқылардың бірі болып БҚО Іскер әйелдер кеңесі қолдау білдірді. Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, облыста белгілі кәсіпкердің бірі Балзия Евенеева екі апта бойы медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етпек. Ыстық тамақ екі медициналық мекемеге – облыстық және қалалық көпфпрофильді ауруханаларына жеткізілуде

 «Осындай қиын кезеңде әркім мүмкіндігінше көмек көрсетуі керек деп санаймын. Менде қоғамдық тамақтану кәсіпорным бар, сондықтан дәрігерлерге арнап ыстық тамақ дайындаймын деп шештім. Мәзір мен жеткізуді ұйымдастырдық. Сейсенбіден бастап медицина қызметкерлеріне ыстық тамақты жеткізе бастадық. Барлығы 205 адам», – деді «Евенеева» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Балзия Евенеева.

 Іскер әйелдер кеңесінің басқа да мүшелері қалыс қалмады. «СКФ Отделстрой» ЖШС жетекшісі Валентина Михно және БҚО Іскер әйелдер кеңсінің төрайымы Ляна Тұрсынова медициналық мекемеге арнап 2 оттегі концентратын алды. Бұдан бөлек, бизнес ханымдар «Біргеміз» және «Ақжайық» қорлары жариялаған қайырымдылық акцияларына да атсалысты. Валентина Михно 1 млн теңге аударды. Ляна Тұрсынова «Ақжайық» қорына 500 мың теңге жіберді. Кеңес мүшелері облыс орталығы мен аудандарда тұратын мұқтаж отбасыларға көмектеседі.

Еске салсақ, «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, «жақсылық жаршысы» республикалық акциясын іске қосты. Оның мақсаты қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге қажетті жабдық жинау.

  «Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKA

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер