«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Қытай арасында бірлескен бизнес көбейеді

2024 жылғы 21 Тамыз
- Алматы қаласы
3716 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Шыңжаң бизнес-палатасының өкілдігі ашылды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қытайдағы «Атамекен» ҰКП халықаралық ынтымақтастық алаңын ашқан-тын. Нәтижесінде үлгі болатын тұрақты сипаттағы ынтымақтастық жолға қойылып, Алматы қаласында ірі халықаралық бизнес-жобаны іске асыру жүргізілуде. Қытай өкілдігі де осындай қағидат бойынша жұмыс істеуге ниетті: қытайлық серіктестермен жұмыс істегісі келетін қазақстандық бизнесмендердің өтінімдерін қабылдайды және оларды СУАР Үкіметіне жолдайды.

Шыңжан бизнес-өкілдігінің ашылу салтанатына Алматыға Аспан асты елінен қонақтардың үлкен делегациясы келді. Оның құрамына: Үрімші қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы партия комитеті хатшысының орынбасары, партия комитеті хатшысының орынбасары, Үрімші қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы коммерция басқармасының директоры, сондай-ақ энергетика, заманауи технологияларды дамыту, өнеркәсіптік және тамақ өндірісінде кәсібін өрге домалатып отырған ірі бизнес-компаниялардың басшылары кірді.

Ашылу салтанаты мен халықаралық келіссөздер барысында Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов «Атамекен» ҰКП-ның Қытайда өкілдігін құру да, Алматыда СУАР бизнес–өкілдігін ашу да халықаралық бизнесті дамыту саласындағы жаһандық ынтымақтастықтың негізгі бөлігі екенін атап өтті.

Алматының бизнес-қоғамдастығы елімізде ең ауқымды.  Мегаполисте 410 мың кәсіпорын тіркелген. Шаһар қаржы және туризм орталығы болып қала береді, сонымен қатар Қазақстан үшін туризм, машина жасау, автомобиль өндіру саласындағы бірқатар стратегиялық жобалар іске асырылуда.

«Қазақстанның 20 өңірінің ішінде бизнестің белсенді үлесі - 25 пайыз, Алматыға тиесілі. Сонымен қатар, бұл қала Орталық Азияға одан әрі шығудың өзіндік «қақпасы» болып табылады. ҰКП басшылығын, партия құрамының, СУАР Әкімшілігінің қатысуымен Үрімші қаласында өткен кездесулеріміз бойынша тәжірибелік нәтижелеріміз бар. Шекаралас аймақтардың сауда-экономикалық және іскерлік қатынастары 30 жыл бұрын қалыптасқан. Дегенмен, өкілдіктердің өзара ашылуы оларды одан әрі нығайтып, кеңейтуі керек. Қазақстан мен Қытай бизнесі арасындағы өзара іс-қимыл үшін инфрақұрылым құра отырып, біз сауданы дамытуға және инвестициялар тартуға ғана емес, сонымен қатар озық технологиялар трансферіне, адами капиталды, құзыреттерді дамытуға да назар аударамыз. Мен "Атамекен" директоры, мәслихат депутаты ретінде нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімді саламын және ынтымақтастығымыз сәтті болды», - деп сендірді Нұрсұлтан Шоқанов.

Шыңжаң бизнес-секторының әлеуетін бейнелей отырып, Үрімші қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы партия комитеті хатшысының орынбасары Чэнь И Үрімші қаласының экономикалық және технологиялық даму аймағы - ұлттық даму аймағын, әкімшілік ауданын, еркін сауда пилоттық аймағын, халықаралық құрғақ порт және су аймақтары кешенін біріктіретін көпфункционалды кешенді саябақ екенін айтты. Ол 490 шаршы км. аумақты алып жатыр. Биылғы жартыжылдықта ғана Үрімшіде шетелдік капиталы бар тағы 25 жаңа кәсіпорын іске қосылды.

«Алматыда Шыңжаң бизнес-өкілдігінің ашылуымен біз екі ел арасындағы меморандум мен ынтымақтастықтың нақты шарттарын іске асырдық. Мұнда біз Қазақстанның экономикалық дамуының жоғары деңгейін, екі ел үшін инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтудеміз. Осылайша, біздің кәсіпкерлерді дамыту және оларға қызмет көрсету орталығының миссиясы өте маңызды: ол Қазақстанда бизнес ашу үшін Қытайда жұмыс істегісі келетін Қазақстан кәсіпкерлеріне және Қытайдың кәсіпкерлеріне жоғары сапалы қызмет көрсететін болады. Сондықтан, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы біздің кәсіпкерлерге Қазақстанда қолайлы және әлеуетті серіктестер табуға көмектеседі деп сенемін. Мен бұл іс-шараның жемісті ынтымақтастыққа апаруына шын жүректен тілектеспін. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейік», - деп атап өтті Чэнь И.

Шыңжаң бизнес-палатасы өкілдігінің алаңында «Чжунъя Хулянь» бизнес-инкубаторы да жұмысын бастап кетті. Бизнес-инкубатор ұйымдастырған алғашқы нәтижелі шараларының бірі Қазақстанда, атап айтқанда Алматыда жаңа кәсіпорындар ашуға қаражат салғысы келетін Қытайдан келген инвесторлардың жергілікті кәсіпкерлермен кездесуі болды.

«Алматыдағы бизнес өкілдігінің 100 пайыз құрылтайшысы – Үрімшіде орналасқан «Чжунъя Хулянь» Халықаралық бизнес-инкубаторы. Сондай-ақ Сиань, Чэнду, Шэньчжэнь қалаларында бірнеше филиалдарымыз бар және біз Қазақстан бизнесіне тауарларды ілгерілетуге, есептік, құқықтық процедуларын реттеуге, Қытайдағы тауарларды, зауыттарды іздеуге көмектесеміз. Бизнесті толық сүйемелдеу және Қазақстан кәсіпкерлеріне Қытайда ыңғайлы болуға көмектесу, құжаттарды бейімдеу және сүйемелдеу. Жалпы, біз осы жерде, Алматы қаласының «Атамекен» палатасында өтінімдер қабылдаймыз және тиісінше, бас кеңсе осы ақпараттың барлығын Қытайдың өзінде өңдейтін болады. Бірлескен жобалар бар, қазақстандық бизнес тарапынан өте қызықты ұсыныстар болды, біз бұл ақпаратты қытайлық инвесторларға бердік, бұдан әрі байланыс орнатып, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деп  бизнес-инкубатордың жұмысы туралы  «SIIP Silk Way International Innovation Park» ЖШС бас директоры Данияр Тұрсынбеков әңгімелеп берді.

 

Қытай бизнес-өкілдігі Алматы қаласында «Атамекен» ӨКП алаңында жұмыс істейтін болады. Тараптар тұрақты кері байланыс тетігін құруды және екі елдің ресурстарын, өнімдері мен өнеркәсібін таныстыру үшін көрме залдарын жиі ұйымдастыруды, бірлескен индустриялық парктер және т.б. құруды жоспарлап отыр. Және ертең екі ел кәсіпкерлерінің кездесуі өтеді.  Жоспарда бірқатар жаңа жобаларды іске асырудың келіссөздері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер